Жаңалықтар

Ақтаудағы ұшақ апатының алдын ала хронологиясы

Ақтаудағы ұшақ апатының алдын ала хронологиясы
Фото: instagram/mangystau_oblysynyn_akimdigi 04.02.2025 21:18 105

Ақтау маңындағы ұшақ апатына қатысты тергеу жұмыстарының алдын ала есебінде қайғылы оқиғаның хронологиясы белгілі болды. Ол Көлік министрлігінің алдын ала есебінде жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Экипаждағы алғашқы қиындықтар 05:13-де басталды – қатты соққы сезіліп, автопилоттың ажыратылу дабылы іске қосылды. Мұнан соң дереу 3-ші гидрожүйедегі қысым төмендеді. 3-ші гидрожүйедегі сұйықтық деңгейі 0%-ға дейін азайды. Басқару рөлдері нөлдік қалыпта бекітіліп, ұшу соңына дейін өзгеріссіз қалды.

05:13 – Әуе кемесінің тримминг жүйесі істен шықты.

05:13 – Кабинада герметизация бұзылды.

05:13 – Дабыл іске қосылды. 1-ші гидрожүйедегі қысым 0 PSI-ге дейін төмендеді.

05:13 – Екінші соққы тіркелді.

05:14 – Командир ішкі байланыс арқылы экипажбен байланысып, жағдайды нақтылады:

- "Алло, не болды?"

- Бортсерік жауап берді: "Екі орын зақымдалды, жолаушылар орындарынан тұрды. Мен оларды орнына отырғызуға тырысып жатырмын."

Мұнан соң экипаждың Грозныйдағы диспетчерлік мұнарамен келіссөзі басталады. Ұшқыштар екі соққыны құстармен соқтығысу деп ойлаған.

Экипаж Грозныймен келіссөз кезінде басқаруды жоғалтып жатқанын хабарлайды. Алдымен Минеральные Водыдағы, содан кейін Махачқаладағы ауа райын сұрап, кейін Бакуге оралу туралы шешім қабылдайды.

05:26 - Грозныймен келіссөз тоқтатылады. 05:29-те Ростов мұнарасымен байланыс басталады.

05:42 - Қолайлы ауа райына байланысты Ақтауға ұшу туралы шешім қабылданады.

06:22 – Экипаж мәжбүрлі қонуға дайындала бастады. Мұнан соң шасси шығаруға кірісті. Одан кейін механизация шығарыла бастады, артынан дыбыстық дабыл белгісі іске қосылды.

06:27 – Ұшақ жермен соқтығысты.

Министрлік ұсынған алдын ала есепте ұшақ апаты болған жерден көптеген түрлі пішіндегі бөгде заттар табылғаны айтылған. Бұл заттар ұшақтың артқы қалқанында, фюзеляжында, ұшақтың сол жақ қозғалтқышында және сол қанатында табылған.Тергеу комиссиясы тексерісінен кейін олар қосымша сот-медициналық сараптамаға жіберілді.  Бұл алдын ала есеп. Апаттың нақты себебі әлі айтылған жоқ. 

 

Ұшақ апатын тергеудің алдын ала есебінің толық хронологиясымен Көлік министрлігінің ресми сайтынан танысуға болады. 

Айта кетсек, былтыр 25 желтоқсан күні Ақтау қаласының маңында Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының Бакуден Грозныйға бағыт алған жолаушылар ұшағы ұшырап, 38 адам мерт болды.  Бортта 5 экипаж мүшесін қоса алғанда 67 адам болған.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға