Ақтаудағы ұшақ апатынан аман қалған стюардессаның видеосы тарады
Әзербайжанның Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтаудағы ұшақ апатынан аман қалған стюардесса Айдан Рагимлидің фото және видеосын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұшақ апатында 5 экипаж мүшесі болған. Олардың үшеуі қаза тауып, екеуі аман қалған еді. Тірі қалған бортсеріктің бірі Айдан Рагимли қазір ауруханада жатыр.
Әзербайжандағы БАҚ ауруханада жатқан бортсеріктің жағдайын білуге барғанда ол көз жасына ерік беріп, қатты жылаған. Айдан Рагимли 1999 жылы дүниеге келген.
Еске салайық, 25 желтоқсанда Бакуден (Әзербайжан) Грозныйға (Ресей) ұшқан Azerbaijan Airlines ұшағы Ақтаудан үш шақырым жерде апатқа ұшырады. Жолаушылар ұшағы қалың тұман салдарынан Грозныйға қона алмай, әуелі Махачкалаға, кейін Ақтауға бағытталған.