Ақтаудағы ұшақ апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды
Фото: ТЖМ
Фото: ТЖМ
25.12.2024 15:54
288
Ұшақ апатына байланысты ІІМ, Маңғыстау облысы және Көліктегі полиция департаменттері қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, қазір оқиға орнында ІІМ басшылығы жүр. Тергеу барысы министрдің бақылауында.
Ақтау маңында АZAL әуе компаниясы ұшағының апатқа ұшырау фактісі бойынша Ішкі істер министрлігі ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабының 3-бөлігі, яғни екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан әуе көлігінің қозғалысы немесе пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу бойынша қылмыстық іс қозғады, – делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
2024 жылы El.kz-те ең көп оқылған 10 ақпарат