Жаңалықтар

Ақтаудағы ұшақ апаты: қаза тапқан 7 адамның кім екені анықталды

Ақтаудағы ұшақ апаты: қаза тапқан 7 адамның кім екені анықталды
Фото: ТЖМ 26.12.2024 14:41 345

Ақтауда 25 желтоқсанда апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines ұшағын бөлшектеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға салдарын жоюға 306 адам, 101 техника, 2 әуе кемесі және 6 кинологиялық есептоп жұмылдырылған. ТЖМ мәліметінше, кеше авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу нәтижесінде Ақтау медициналық мекемелеріне 29 адам, оның ішінде 3 кәмелетке толмаған бала құтқарылып, ауруханаға жатқызылған.

38 мәйіті табылды, олар медициналық сараптама орталығына жеткізілді, олардың ішінде 6 Қазақстан азаматы және 3 экипаж мүшесі бар. 7 адамның денесі анықталды. Сонымен қатар кеше іздеу тобының нәтижесінде ТЖМ құтқарушылары қара жәшікті тапты. Оқиға орнында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды, - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта Ақтауда апаттың себептерін тергеу жөніндегі үкіметтік комиссия жұмыс істеп жатыр. Жедел желі телефондарына шұғыл психологиялық көмек және ақпараттық сипаттағы 1063 өтініш түсті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға