Ақтаудағы ашық есік күні: Бір адамнан қатерлі ісік анықталды

Маңғыстау облыстық онкологиялық диспансерінде саркома қатерлі ісігін ерте сатыда анықтау мақсатында бірыңғай «Ашық есік» күні өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі диспансердің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Таңғы сағат 09.00-ден түскі 13.00-ге дейін созылған қабылдауға 24 тұрғын келді. Оның біреуінен қатерлі ісік анықталып, 2 адам осы дертке күдікті деп танылды. Ал 3 келушіден басқа да ауру түрі анықталды, 20 адам әртүрлі тексеруге жіберілді. Барлығы тегін тексерілуден өтіп, онколог-дәрігерлерден кеңес алды.
Саркома – сирек кездесетін қатерлі ісік. Негізінен 60-70 жас аралығындағы адамдарда жиі болады. Бұл ауру барлық қатерлі ісіктің шамамен 0,03% құрайды. Сондықтан қатерлі ісіктің кез келген түрін ерте сатыда анықтаудың маңызы өте зор, - дейді облыстық онкологиялық диспансердің емхана меңгерушісі Меруерт Мұқанғожина
