Ақтауда жеңіл көлік отқа оранды

Фото: Ақтау қалалық ТЖБ баспасөз қызметі
Фото: Ақтау қалалық ТЖБ баспасөз қызметі
09.07.2023 14:26
936
Ақтауда мерседес маркалы жеңіл автокөлігінің толықтай жанып кетті. Оқиға 32 б шағынауданы 16/3 құрылысы бітпеген ғимарат аумағында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Жану салдарынан ғимараттың жаны ысталғаны анықталды.
Өртті жоюға 2 өрт сөндіру техникасы, 8 қызметкер жұмылдырылды. Өрт 20 сағат 16 минутта сөндірілді. Өрттің шығу себебін Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының кезекші анықтаушысы анықтауда, - деді қалалық басқарманың баспасөз қызметіндегілер.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Алдағы үш елімізде еліміз бойынша күн ыстық болады
Келесі жаңалық
Аида Балаева азаматтарды қабылдады