Жаңалықтар

Ақтауда жасөспірім қыз бес күннен бері табылмай жатыр

Ақтауда жасөспірім қыз бес күннен бері табылмай жатыр
Фото: ©El.kz/Арман Мухатов 21.10.2024 03:22 100

Ақтау маңында бес күні бұрын жоғалып кеткен 15 жасар Нұрсая Құралбаеваны іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Lada.kz мәліметінше, қыз бала Мұнайлы ауданындағы Бірлік көшесіндегі жеке тұрғын үйде тұрады екен. Волонтерлер дерегінше, 15 қазан күні таңғы сағат 8:00 шамасында ол үйінен шығып кетіп, Ақтаудағы политехникалық колледжге аттанған. Дегенмен содан бері үйіне оралмаған.

Жасөспірімді іздеу жұмыстарына волонтерлер мен полиция қызметкерлері жұмылдырылған. Туыстарының сөзінше, Құралбаеваның үстінде қара түсті күртеше, қара шалбар мен аяқ киім болған. Ал бойы – 165-170 см.

Ақтауда жасөспірім қыз бес күннен бері табылмай жатыр

Туыстары жоғалған қыз туралы қандай да бір ақпарат білетіндерді мына байланыс телефонына хабарласуды сұрайды: +7 (700) 911-72-92 немесе 102.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға