Ақтау қаласынан оңтүстікке қарай 33 км жерде, суға шомылуға жабдықталмаған аймақта 2003 жылы туған У.есімді азамат суға батып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі
Суға батқан ер адамды іздестіруге өңірлік Төтенше жағдай департаментінен 15 құтқарушы, 5 техника, 4 жүзу құралдары және 2 дрон жұмылдырылған. Сондай өзара іс-қимыл шеңберінде ҰҚК Шекара қызметі департаментінің Маңғыстау облысы бойынша 1 шағын күзет кемесі, 4 сүңгуір, 2 бірлік техника жұмылдырылған. Сондай-ақ ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ ЕО-145 тікұшағы тартылған. Іздеу жұмыстары барысында У. есімді азаматтың жағадан 90 метр ұзап кеткені анықталып, денесі 3 метр тереңдіктен табылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ертең үш облыста ауа температурасы 40 градустан асады
Келесі жаңалық
Ұлттық ұлан әскері жас сарбаздармен толықты