Жаңалықтар

Ақтауда үстіне футбол қақпасы құлаған жасөспірім қайтыс болды

Ақтауда үстіне футбол қақпасы құлаған жасөспірім қайтыс болды
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 16.06.2023 13:00 761

Ақтауда үстіне футбол шатыры құлап, комаға түскен 16 жастағы бала қайтыс болды, - деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Жасөспірім 15 маусымда қайтыс болған. Ақпаратты басылымға Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасы растаған.

Еске салайық, кеше Ақтауда үстіне футбол қақпасы құлап түскен баланың жағдайы ауыр екені, ол комада жатқаны хабарланған болатын.

Оқиға 20 мамырда болған. Сол күні Маңғыстау облысындағы көпсалалы балалар ауруханасына 16 жастағы бала түскен. Артынша ойын кезінде баланың үстіне футбол қақпасы құлап түскені белгілі болды. Желі қолданушыларының сөзінше, оқиға 7-шағынаудандағы №9 мектепте болған. Зардап шеккен баланың бас сүйек-миына зақым келген және миы шайқалған. Дәрігерлер тексергеннен кейін жасөспірім ауруханаға жатып, емделу қажет екенін айтты.

24 мамырда ауруханаға баланың анасы келді. Бала 5-7 күн аралығында емделу қажет екені айтылса да баланың анасы қолхат жазып, ұлының жағдайы жақсы екенін және дәрігерлерге ешқандай шағымы жоғын айтып алып кеткен, - дейді медициналық мекеме өкілдері.

Осылайша, жасөспірім ата-анасының қарауымен 7 күн үйінде болған. 31 мамырда бала есінен танып, ұстамасы басталған. Жедел жәрдем алғашқы медициналық көмек көрсеткеннен кейін бала Маңғыстау облыстық көпсалалы балалар ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер баланы компьютерлік томографияға түсіргеннен кейін инсульт белгілерін байқады. Ол комаға түсіп, жансақтау бөліміне жатқызылғанымен жағдайы ауыр еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға