Ақтауда тұрғындардан 100-ден астам оқ-дәрі мен қару тәркіленді

Маңғыстау облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында облыс орталығында күдікті топты анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Тінту кезінде ұсталған адамдардан тапаншалар, мылтықтар, 100-ден астам оқ-дәрі, пышақтар және екі магазинді “UZI” моделінің пулеметі тәркіленді. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды, - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 287-бабы “Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру” бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу мүддесінде өзге мәліметтер жарияланбайды.
