Ақтауда тұрғын үйдің шатыры құлады: бір адам көз жұмды
Фото: facebook.com/azamat.sarsenbaev
Фото: facebook.com/azamat.sarsenbaev
11.05.2023 14:03
1318
Ақтауда тұрғын үйдің кіреберісінде шатыр құлады. Бір адам көз жұмып, тағы екі адам жарақат алған. Олардың үшеуі де ПИК қызметкерлері екен, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Облыстық ауруханада зардап шеккендердің бірінің аяғы сынғанын, екіншісін дәрігерлер тексеріп жатқанын мәлімдеді. Екеуінің де жағдайы тұрақты.
«Тұрғын үй инспекциясы» ММ ақпараты бойынша, жоспарлы жұмыстар барысында 9 ш/а 4-үйдің кіреберісіндегі шатыр құлаған. Өкінішке қарай, бір адам қайтыс болды, тағы біреуі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Екеуі де «Татьяна» ПКСК қызметкерлері. Біз марқұмның отбасына көңіл айтамыз, – деп атап өтті Ақтау әкімдігінің баспасөз қызметі.
Сурет: facebook.com/azamat.sarsenbaev
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанада бағаны заңсыз көтерген бірнеше нысан жауапқа тартылды
Келесі жаңалық
Қонаевта мұз үстінде сырғанап жүрген екі бала құтқарылды