Ақтауда түнгі мезгілде қатынайтын екі автобус іске қосылды

Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney
19.05.2024 12:14
1464
Ақтауда түнгі ауысымда қатынайтын №10, №11 маршрут іске қосылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл автобустар сағат 22:00-06:00 аралығында белгіленген кестеге сәйкес жүреді.
Қалада түнгі мезгілде күнделікті екі автобус жүреді. Атап айтқанда, қала бойынша №10, №11 маршрут іске қосылды. Бұл бастама Ақтау қаласының туристік әлеуетін арттыру мақсатында жүзеге асырылып отыр, - деді Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Асхат Нұрмұхан.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
TOU студенттері сыбайлас жемқорлыққа қарсы ойында үздік атанды
Келесі жаңалық
Қостанай облысында 100-ге жуық адам құтқарылды