Жаңалықтар

Ақтауда толассыз жауған қар қалай күреледі

Ақтауда толассыз жауған қар қалай күреледі
Фото: Ақтау қаласының әкімдігі 27.02.2025 07:29 873

Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов  ауа-райына байланысты қар тазалау жұмыстарын арнайы бақылап, коммуналдық сала қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгінде қала аумағында қар тазалау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қала әкімінің тапсырмасымен әлеуметтік маңызы бар нысандар мектеп, аурухана және жұрт көп шоғырланатын жолдарға аса мән беріліп отыр. 

Қар тазалау жұмыстарын бақылау барысында қала әкімі жауаптыларға орталық жолдан бөлек шағын аудан ішілік жолдарға да басымдық беруді тапсырды. Бұл ретте шаһар басшысы қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатында қар тазалау жұмыстары өз бақылауында болатынын жеткізді. 

Айта кетейік Ақтауда толассыз жауған қардың әсерінен коммуналдық сала қызметкерлері күні-түні қар тазалау, оны шығару және көктайғақтың алдын-алу жұмыстарымен айналысуда. 

Бүгінгі күні қаланың орталық жолдарын қардан тазалауға 100-ден астам қызметкер мен 17 техника жұмылдырылса, шағын аудан ішілік автомобиль жолдары мен жаяу жүргінші жолдарын тазалауға 350-ден астам қызметкер мен 10-нан астам техника күшейтілген режимде жұмыс істеуде. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға