Жаңалықтар

Ақтауда тоғызыншы қабаттан секіріп кеткен 48 жастағы әйел мерт болды

Ақтауда тоғызыншы қабаттан секіріп кеткен 48 жастағы әйел мерт болды
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 03.07.2023 10:15 1112

Ақтауда 8-шағынаудандағы көпқабатты үйдің 9-қабатынан құлаған 48 жастағы әйел қайтыс болды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2 шілде сағат 13:00 шамасында 102 кезекші пультіне әйелдің 8-шағынаудандағы көпқабатты үйлердің бірінің 9-қабатынан секіргені туралы шақыру түскен.

Жедел тергеу тобы шақыруға барды. Оқиға орнынан тоғызыншы қабаттан секіріп кеткен 48 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша тіркелді делінген баспасөз мәліметінде.

Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға