Жаңалықтар

Ақтауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинар аяқталды

Ақтауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинар аяқталды
Фото: Ақтау қаласының әкімдігі 15.06.2024 20:41 488

Ақтауда қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жастарға ҚР сыбайлас жесқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға дейінгі тұжырымдамасын жүзеге асыру туралы семинар өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Семинарға Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Гүлмира Балғожаева, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің өкілі Нұргүл Мұқатай, «Айрық» қоғамдық қорының директоры Ағлен Таласбаева, «Әділдік және өркендеу» республикалық қоғамдық бірлестіктің Маңғыстау облыстық филиалының өкілі Нұрлыбек Жалғасбаев, «Маңғыстау облысы жергілікті бастамалар орталығы» қоғамдық қорының директоры Жақсыгүл Маханбетова, әлеуметтік сала қызметкерлері мен жастар қатысты.

Жиында спикерлер ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының бағыттарын түсіндірді. Сыбайлас жемқорлыққа тап болған жағдайда не істеу керектігін айтты. Қатысушылар спикерлерге сауалдарын қойып, нақты жауап алды.

Егер сіз жемқорлыққа тап болсаңыз, міндетті түрде 1424 нөміріне немесе кезекші бөлімнің 319110 нөміріне хабарласуыңыз қажет. Сіз айтқан ақпарат дәлелденіп, әкімшілік жаза қолдану туралы сот қаулысы және айыптау үкімі заңды күшіне енгеннен кейін, сізге біржолғы ақшалай сыйақы беріледі. Сыйақы мөлшері сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар туралы әкімшілік істер бойынша -30 АЕК(айлық есептік көрсеткіш), онша ауыр емес сыбайлас жемқорлық қылмыстық істер бойынша - 40 АЕК, ауырлығы орташа сыбайлас жемқорлық қылмыстық істер бойынша - 50 АЕК құрайды. Ал ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстық істер бойынша - 70 АЕК, аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстық істер бойынша - 100АЕК қарастырылған. Пара алу фактісін хабарлаған адам туралы құпиялылық міндетті түрде сақталады, - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің өкілі Нұргүл Мұқатай.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға