Жаңалықтар

Ақтауда суши-маркет желісінің қызметкерлері есірткімен айналысқан

Ақтауда суши-маркет желісінің қызметкерлері есірткімен айналысқан
Фото: © Polisia.kz 04.09.2023 12:31 772

Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты есірткі және психотроптық заттарды жасырып кетушілерді 10 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

34 жастағы ер адам Ақтаудағы суши-маркет желісінің басшысы болып жұмыс істеген. Екінші 32 жастағы күдікті оған заңсыз істе көмектескен. Олар психотроптық заттардың партияларын жасырып, есірткіні буып-түю бойынша тапсырмалар мен координаттарды Telegram қосымшасы арқылы алып отырған.

Күдіктілердің тұрғылықты жері бойынша және компания кеңсесінде жүргізілген тінту кезінде 692 грамм “мефедрон” синтетикалық препараты табылып, тәркіленді.

Қаскөйлердің әрекеті ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі 1 және 3-тармақтары бойынша “Адамдар тобының алдын ала сөз байласу арқылы есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде сатып алуы, сақтауы, тасымалдауы” сараланды.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға