Ақтауда «STOP SALE» акциясы өтті

Ақтау қалалық қоғамдық даму орталығының ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету мақсатында 21 жасқа дейінгі жастарға темекі және алкогольді ішімдік өнімдерін сатудың алдын алу акциясы жүзеге асырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Акцияға 30-ға жуық қала еріктілері белсенді түрде атсалысты.
Ақтау қаласы ПБ ЖПҚб ЮПБ УПИ полиция аға лейтенанты Тұржан Құбаевтың қатысуымен шағын аудандардағы азық-түлік дүкендері мен ірі сауда орталықтарында ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүзеге асты.
ҚР 21 жасқа толмаған азаматтарға темекі өнімдерін сату фактісі анықталған жағдайда әкімшілік айыппұл салынатыны, сонымен қатар ҚР заңнамалары шеңберінде шаралар қабылданатыны туралы ақпарат берілді.
View this post on Instagram
