Жаңалықтар

Ақтауда сотталғандар қоғамдық жұмыстарды қағаз жүзінде орындаған

Ақтауда сотталғандар қоғамдық жұмыстарды қағаз жүзінде орындаған
Фото: Pixabay 21.04.2025 13:55 139

Ақтау қаласының прокуратурасы пробация қызметінде есепте тұрған 87 сотталғанның қоғамдық жұмыстарды орындау тәртібінің сақталуына тексеру жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жұмыстарды орындау қала әкімдігі белгілеген орындарда қарастырылған.

Тексеру барысында 8 сотталғанның іс жүзінде жазаны толық орындамағаны анықталды, алайда есепке алу табелдерінде жұмысты орындау туралы белгілер қойылған.

Бұл жағдай жұмыстардың нақты орындалуын тексеруді қамтамасыз етпеген ЖАО құрылымдық бөлімшесінің сапасыз бақылауының нәтижесінде мүмкін болды.

Қала прокуратурасының қадағалау актісі бойынша Ақтау қ. әкімдігінің «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық» бөлімінің басшысы тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға