Жаңалықтар

Ақтауда сарбаздар әскери ант қабылдады

Ақтауда сарбаздар әскери ант қабылдады
Фото: ҰҚК Маңғыстау облыстық департаментінің баспасөз қызметі 28.04.2025 20:41 231

Ақтауда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі Маңғыстау облыстық департаментінің жас сарбаздары әскери ант қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҰҚК Маңғыстау облыстық департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, салтанатты іс-шарада Маңғыстау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарынан шақырылған 170-тен астам сарбаз бен матрос Отанға адал болуға ант берген. Іс-шараға департамент басшылығы, Шекара қызметінің ардагерлері, қоғам белсенділері, сондай-ақ сарбаздардың туыстары мен жақындары қатысып, оларды мерзімді әскери қызметтің маңызды кезеңіне өтуімен құттықтады. 

Құрметті жас сарбаздар! Бүгін - өмірлеріңіздегі ерекше күн. Сіздер Отанға адал болуға ант бердіңіздер. Ендігі жерде еліміздің шекарасын қорғау — сіздердің қасиетті борыштарыңыз, -деді ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Маңғыстау облыстық департаментінің Санат Жұманов.  

Әскери ант қабылдағаннан кейін жас сарбаздар мемлекеттік шекараны қорғау міндеттерін орындау үшін қажетті әскери-есептік мамандықтарды меңгеруге кіріседі. Екі ай ішінде олар шекара қызметінің негіздерін оқып-үйренеді. Содан соң шекара бөлімшелеріне және күзет кемелеріне қызмет етуге жіберіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға