Ақтауда сабақ кезінде оқушыны ит қауып алды
Ақтаудағы №5 мектепте дене шынықтур сабағы кезінде оқушыны қаңғып жүрген ит қауып алған. Бұл туралы Lada.kz сайтына сілтеме жасай отырып EL.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Зардап шеккен баланың анасының сөзіне қарағанда, оқиға 4 желтоқсанда болған. Әйелге мектептен хабарласып, оның баласын ит тістеп алғанын айтқан. Ол мектепке жеткен соң бейнебақылау камерасынан оқиғаның қалай болғанын көрген.
Иттің алаңдағы тордың маңында жүгіріп жүргені көрінеді. Ол жерде мұғалім де болған, алайда ол күзетті шақырмаған. Ит балаға шабуылдап, қолын тістеп алған. Ал мұғалім итті мейірімді деп ойлапты, – дейді Джульетта Жамиева.
Ол мектептегілер жедел жәрдем де шақырмағанын, сондықтан баланы ауруханаға өзі алып кеткенін айтады.