Жаңалықтар

Ақтауда құстар мен итбалықтардың өлекселері табылды

Ақтауда құстар мен итбалықтардың өлекселері табылды
Фото: Маңғыстау облыстық Экология департаменті 15.01.2025 02:16 180

Ақтау қаласынан солтүстікке қарай 38 шақырым жердегі "Caspiy life" демалыс базасына жақын орналасқан аумақта итбалықтар және құстардың өлекселері табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Аталған жайт бойынша Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының инспекторлары Түпқараған ауданына барып, “Caspiy life” демалыс базасы аумағында тексеру жүргізді. Аймақты тексеру кезінде Каспий теңізінің жағасында 9  өлген құс табылған. Осыған байланысты Маңғыстау облысы бойынша Экология департаментінің зертханалық-талдамалық бақылау бөлімінің мамандары аталған аумақта болып, су сынамаларын алды. 

Ведомство мәліметінше, әзірге құстар мен итбалықтардың неден қырылғаны белгісіз. Нәтижесі алдағы уақытта жарияланатын болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға