Ақтауда қолына кітап ұстап, жалаңаш жүрген ер адам жындыханаға қамалды
Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
08.02.2024 10:55
1217
Ақтаудағы көшелердің бірінде жалаңаш жүрген ер адам жұртты шошытты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің өкілдері күдікті ұсталғаннан кейін бірден психиатриялық диспансерге жатқызылғанын хабарлады.
Қазір аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұдан өзге ақпараттар тергеу мүддесі сай жарияланбайды, - делінген хабарламада.
Белгілі болғандай, 6 ықшамауданда қолына кітап ұстап, арабша құран сүресіне ұқсас сөздерді айтқан ер адам сол маңдағы дүкенге кіріп, тоңазытқышты құлатқан.
Артынша оны учаскелік полицейлер ұстағаны хабарланды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға