Ақтауда қазақ-неміс инжиниринг институты ашылады - Тоқаев

Бұл жобалар екі елдің студенттері мен мамандары арасында тәжірибе алмасуға жол ашады. Бұл туралы мемлекет басышысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Елімізде немістің озық технологиясы мен тәжірибесі негізінде кәсіби мамандар дайындау қажет. Осы ретте Ақтау қазақ-неміс инжиниринг институты ашылады. Бұл жобалар екі елдің студенттері мен мамандары арасында тәжірибе алмасуға жол ашады. Экономикадағы өндіріс саласын білікті кадрлармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президенттің айтуынша, елімізде неміс ұлтының 226 мың өкілі өмір сүреді. Олар қазақстанды өркендетуге елеулі үлес қосуда. Германияда 1 миллионнан астам бұрыңғы отандастарымыз тұрады. Бұл халықтарымыз арасындағы достықты нығайта түсетін көпір.
Еске сала кетейік, Ақордада мемлекет басышысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның Федералды Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен кездесті.
