Жаңалықтар

Ақтауда қар ерігеннен кейін жолдарды қалпына келтіру жұмыстары басталды

Ақтауда қар ерігеннен кейін жолдарды қалпына келтіру жұмыстары басталды
Фото: Бейнежазбадан скриншот 09.03.2025 20:10 162

Қазіргі таңда Ақтау қаласындағы автомобиль жолдарын тазалау, шұңқырларды жамау, суғарларды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған жұмыс негізінде жолдың ойылған жерлері қалпына келтіріліп жатыр. 

Бұл жұмыстарға 40-қа жуық жұмысшы жұмылдырылған. Сондай-ақ жол жиектеріндегі суғарларды тазалау және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Одан бөлек жауын-шашыннан кейінгі жол бойындағы ойылған аумақтар қалпына келтіріліп жатыр, - дейді Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Жалғас Мейілов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға