Ақтауда полиция қызметкерлері бұзақылық ниетпен кісі өлтіруге оқталған 6 күдіктіні ұстады
Бұл туралы Polisia.kz сайты мәлімдеді
Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz
13.11.2022 14:45
1839
Ақтау қаласы Полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері бұзақылық ниетпен кісі өлтіруге оқталу фактісі бойынша 6 күдікті ұсталды, деп хабарлайды El.kz.
Осы оқиғаға қатысушылардың барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Еске сала кетейік, 12 қарашада Маңғыстау облыстық ауруханасына «WOW» кафесінен 19 жастағы екі азамат жеткізілді. Олардың біреуінде оқ жарақаты, ал екіншісінде тізе буынының жабық жарақаты болды.
Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Баспа дизайны – өте күрделі тақырып
Келесі жаңалық
Жамбыл облысында асыл тұқымды қойлардың көрмесі өтті