Ақтауда полиция қызметкері жаралы аққу тауып алды

Фото: mangystaumedia.kz
Фото: mangystaumedia.kz
17.12.2023 23:17
903
Жартасты соқпақ аймағындағы кезекші полиция қызметкері қанаты жараланған аққуды тауып алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаев фейсбук парақшасына жазды. Қазір жаралы аққу 4 а шағынауданындағы полиция бекетінде. Блогердің айтуынша, аққу басын қатты соғып алуы немесе жасыл нәжісіне қарағанда ауруы да мүмкін.
Еске салайық, былтыр дәл осы айда Қаракөл көлінде құс тұмауынан жүзден астам аққудың өлексесі табылған еді.
Редакция Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспепкциясынан жауап күтеді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Алматыда қар тазалау жұмысы жалғасуда
Келесі жаңалық
Алдағы аптада спортшыларымыз қандай жарыстарда бақ сынайды