Ақтауда өрт кезінде тұрғын үйден 50 адамды қауіпсіз жерге шығарылды

Ақтауда тұрғынүйдегі өрт кезінде 50 адамды құтқару қызметі қауіпсіз аймаққа шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Маңғыстау облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап.
Оқыс оқиға 12 тамызда сағат 13.40-та Ақтау қаласында 17 шағын ауданда "Грин плаза" тұрғын үй кешенінде пәтерлердің бірінен түтін болды.
10 қабаттағы үйдің балконында төсек-орын жабдықтарынан от тиіп, соңынан үлкен өрт шықты. Тілсіз жаудан ардап шеккендер жоқ. Төтенше жағдайдан келген залал 3 шаршы метрді қамтыды. Сонымен қатар, 50 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Оның ішінде 20 бала бары мәлім болды.
ТЖД-дан 7 бірлік техника мен жеке құрамның 20 қызметкерін жұмылдырды. Апаттар медицинасы орталығынан 1 бірлік техника және 4 қызметкер барса, ПД - 2 бірлік техника және 6 қызметкер оқиға орнына дер кезінде келді - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметіндегілер.
