Жаңалықтар

Ақтауда Мәжіліс депутаты жалғыз ұлын әскерге шығарып салды

Ақтауда Мәжіліс депутаты жалғыз ұлын әскерге шығарып салды
Фото: otpannews.kz 02.11.2024 09:08 1643

Ақтауда күзгі шақырылыммен әскерге аттанған сарбаздарды шығару салу рәсімі өтті, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі otpannews.kz-ке сілтеме жасап. 

Салтанатты шарада әскер жасына толған 25 жасты туған туыстары шығарып салды. Сонымен бірге, қала әкімі Әбілқайыр Байпақов, Мәжіліс депутаты Наталья Дементьева ақжол тілеп, тілектерін жеткізді. 

"Отан алдындағы парызын өтеу - әр азаматтың міндеті. Бүгін әскер қатарына алынған сарбаздарға ақ жол тілейміз. Ата-аналарыңыздың, отбасыларыңыздың артқан үмітін ақтап, Отан алдындағы борышын аман-есен өтеп, елге аман оралуларыңызға тілектеспін", - деді Әбілқайыр Байпақов. 

Ақтаудан әскерге аттанған жастың бірі Алихан Гасанов. Оның анасының сөзінше, әрбір азаматтың міндеті Отан алдындағы борышын өтеу аса маңызды. 

"Кез келген елдің елдігін, тәуелсіздігін, егемендігін қорғайтын мемлекет әскері. Әскердің арқасында ел шекарасы тыныш болады. Бұған әрбіз ел тұрғыны кәміл сенеді. Бүгін мен үшін маңызды күн. Себебі, жалғыз ұлым осы жерден әскерге аттанғалы отыр. Бұл мен үшін маңызды шешім болды", - деді ата-аналар атынан сөз алған Мәжіліс депутаты Наталья Дементьева.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға