Ақтауда көпқабатты үйдің шатырынан құлаған баланың жағдайы белгілі болды

Фото: © El.kz
Фото: © El.kz
11.09.2023 01:40
663
Ақтаудағы көпқабатты тұрғын үйдің шатырынан құлаған 17 жастағы бала есін жиды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Баланың жағдайы ауыр, тұрақты. Есін жиып, комадан шықты. Қазіргі таңда аппараттан алынып, өзі демалып жатыр, - дейді Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасының реаниматолог-дәрігері Мереке Бекбаев.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтауда 17 жастағы бала тұрғын үй шатырынан құлап, көпқабатты екі үйдің ортасындағы қуысқа түсіп кеткені туралы жазған болатынбыз. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Индонезияда жер сілкінді
Келесі жаңалық
Арғын Нығматулинге тағылған айып белгілі болды