Ақтауда “Kazakh Record” ұлттық киімдер фестивалі өтеді

Фото: Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация қызметі
Фото: Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация қызметі
06.03.2025 01:34
450
Наурыздың 22-сінде Ақтау қаласында қазақ халқының ұлттық киімі мен салт-дәстүрін әлемге танытатын «Kazakh Record» фестивалі өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шараның басты мақсаты – ұлттық киімді дәріптеп, оның бай мәдени мұрасын халықаралық деңгейде көрсету болып отыр.
Қатысу шарттары:
•Фестивальге 16 жастан асқан кез келген адам қатыса алады.
•Қатысушылар http://kazakhrecord.kz/ сайтына кіріп, 362 теңге көлемінде қатысу жарнасын төлеп, арнайы форманы толтыруы қажет.
•Тіркеуден кейін 20 наурызға дейін ұйымдастырушылардан жеке нөмір беріледі.
•22 наурыз күні сағат 9:00-ден 10:30-ға дейін бекітілген орынға каталогқа сәйкес ұлттық киіммен келу қажет.
•Рекорд қою рәсімі сағат 10:30-да басталады. Барлық қатысушыларға арнайы білезік беріледі.
Ұлттық киімдердің ерекшеліктері:
Фестивальде қазақтың дәстүрлі бас киімдері ерекше назарда болады:
•Тақия – цилиндр пішінді, әшекейлермен безендірілген, ұлттық нақыштағы бас киім.
•Бөрік – барқыттан, қой терісінен жасалып, салқын мезгілде киетін ерлер мен әйелдердің бас киімі.
•Сәукеле – ұзатылатын қызға арналған ең әсем әрі биік бас киім. Сыртқы бөлімі күміс және асыл тастармен безендіріледі.
•Кимешек – әйелдердің дәстүрлі бас киімі, көбінесе үлкен жастағы аналарға арналған.
•Орамал – ақ матадан жасалып, иық пен арқаға жауып тұратын ұлттық бұйым.
Мақсаты мен маңызы “Kazakh Record” фестивалі қазақтың ұлттық киімін, оның бай мәдениетін және тарихи мұрасын насихаттауды көздейді. Ұлттық құндылықтарды дәріптеумен қатар, бұл шара жастардың патриоттық рухын оятып, қазақи салт-дәстүрді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуге ықпал етпек.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
СҚО-да 8,3 мың гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды