Жаңалықтар

Ақтауда ірі контрабанда ұйымдастырушысы сотталды

Ақтауда ірі контрабанда ұйымдастырушысы сотталды
Фото: ©El.kz/Бауыржан Жуасбаев 29.01.2025 10:14 273

Ақтау қалалық соты Қазақстан азаматын қылмыстық топ құрғаны және оған басшылық жасағаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айыруға үкім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бас көлік прокуратурасының мәліметінше, 2016-2018 жылдар аралығында адамдар тобы құрылыс материалдарын жеткіземіз деген желеумен Ираннан Қазақстанға кеден шекарасы арқылы құны 1 млрд теңгеден асатын темекі мен табак тасымалдаған.

Қылмыстық топтың ұйымдастырушысы халықаралық іздеуде болып, Әзербайжан Республикасынан экстрадицияланды. Топтың қалған мүшелері бұған дейін әртүрлі жазалар үшін жауапқа тартылған болатын, - делінген мәліметте.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға