Ақтауда есірткі жарнамасы бар 645 граффити өшірілді
Фото: El.kz/Арман МҰХАТОВ
Фото: El.kz/Арман МҰХАТОВ
12.11.2024 09:40
346
Маңғыстауда полиция 400-ге жуық есірткі құқық бұзушылығының жолын кесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Маңғыстау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері жыл басынан бері 386 есірткі құқық бұзушылығының жолын кесті. 87 қылмыстық іс тіркеліп, 90 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар 10 ай ішінде заңсыз айналымнан 111 келіден астам есірткі тәркіленді. Есірткімен күресті күшейту, қылмыстың алдын алу бағытында 656 профилактикалық іс-шара өткізіліп, Ақтау қаласында 645 граффити-жазу өшірілді. Бұдан бөлек, есірткі заттарын жарнамалау, сатумен айналысатын 506 интернет-сайт бұғатталды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанада көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты