Жаңалықтар

Ақтауда ерлі-зайыптылар есірткі таратқаны үшін айыпталды

Алынған заттардың жалпы салмағы 2 кг құрады
Ақтауда ерлі-зайыптылар есірткі таратқаны үшін айыпталды
30.10.2022 08:29 2636

Ақтаудағы өнеркәсіптік аймақта жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 19 жастағы келіншек пен 21 жастағы жігіт ұсталды, деп хабарлайды El.kz.

Тінту кезінде екеуінен де "мефедрон" және "жылдамдық" деп аталатын 49 орам синтетикалық есірткі заты тәркіленді.

Күдіктілердің пәтерін тінту барысында полицейлер синтетикалық есірткінің төрт пакетін тапты. Алынған заттардың жалпы салмағы 2 кг құрады.

Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 297-бабының 1-бөлігімен есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бойынша күдіктілердің  қылмысы дәлелденсе мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға