Ақтауда «Эко Nomad» атауымен тазалық іс-шарасы өтті

Ақтауда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Эко Nomad» атауымен кең ауқымды тазалық іс-шарасы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шараның басты мақсаты – қоғам арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаны таза ұстау және жастардың белсенділігін көтеруг бағытталған. Іс-шара челлендж форматында ұйымдастырылды.
Игі бастама «Самұрық-Қазына» компаниясының өңірдегі жас мамандарының бастамасымен, Маңғыстау облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен жүзеге асты.
Экологиялық ахуалды жақсартуға әр азамат үлес қосуы қажет. Біздің бастамамыз табиғатты қорғауға, жастар арасында экологиялық сананы қалыптастыруға бағытталған. Соған орай, «Жылы жағажай» демалыс аймағында өткен сенбілікке100-ге жуық жас қатысып, бірлесе еңбек етті. Нәтижесінде, 1 тоннаға жуық қоқыс шығарылды, – деді Маңғыстау облыстық «Самұрық-Қазына» жастары ұйымының төрағасы Әділет Мүтәлі.
