Жаңалықтар

Ақтауда болған ұшақ апатын дронға түсірген блогер бостандыққа шықты

Ақтауда болған ұшақ апатын дронға түсірген блогер бостандыққа шықты
Фото: инстаграм Azamat Sarsenbayev 05.01.2025 10:01 423

Маңғыстау облысында жергілікті блогер Азамат Сәрсенбаевты сот әкімшілік іспен он күнге қамаған еді. Блогер бостандыққа шыққанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол Instagram-дағы парақшасында фотосын жариялап, бостандыққа шыққанын хабарлады.

Ер адамның басынан не өтпейді!? Үйден 150 шақырым алыста 10 күн оқшау жатып, басымнан осы ой кетпеді. Шынымды айтсам, осылай болғанына да қуандым. Шыңдалдым, мықтырақ болып, өз ұстанымымды одан сайын бекемдедім. Айтарым көп, - деп жазды блогер.

25 желтоқсан күні Ақтау қаласының маңында Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының ұшағы құлап, 38 адам қаза тапты. Әуе кемесі Бакуден Грозныйға бармақ болған. Азамат Сәрсенбаев құқық қорғау органдары өкілдерінің бұйрығына бағынбағаны үшін айыпталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға