Жаңалықтар

Ақтауда бір-бірімен төбелескен жасөспірімдердің ата-анасы жауапкершілікке тартылды

Ақтауда бір-бірімен төбелескен жасөспірімдердің ата-анасы жауапкершілікке тартылды
Фото: ІІМ-нің баспасөз қызметі 02.02.2025 19:12 148

Ақтау қаласының 3-шағынауданындағы 57-үй маңында болған жасөспірімдер арасындағы жанжалға байланысты олардың ата-аналары жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі otpannews.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері балалардың жеке басын анықтап, ата-аналарына ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша хаттама толтырды. Сонымен қатар осы оқиғаны ұялы телефонға түсірген жасөспірімнің ата-анасы да әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері ата-аналарды балаларын қадағалауға және олардың тәртібіне назар аударуға шақырады. Мұндай жағдайлар қоғамда теріс әсер тудыратынын ескере отырып, ата-аналарға балаларымен профилактикалық әңгімелер жүргізу маңызды", – делінген хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға