Жаңалықтар

Ақтауда білім бөлімінің бұрынғы басшысына сот үкімі шықты

Ақтауда білім бөлімінің бұрынғы басшысына сот үкімі шықты
Фото: pixabay.com 30.07.2024 15:10 437

Ақтау қалалық сотында жеке кәсіпкерге, білім бөлімінің бұрынғы басшысына және қаладағы үш мектептің директорына қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сотта белгілі болғандай, жеке кәсіпкер оқушыларды тамақпен қамтамасыз ету үшін 3 мектеппен келісімшартқа отырған. Оларға кедергісіз қол қою, қаражатты тез аудару және жалпы қамқорлық үшін ол бірнеше рет сол кездегі білім басқармасының басшысына 4 млн теңге және үш мектеп директорына тиісінше 800 мың теңге, 2 млн және 1 млн теңге берген. Сотталушылардың кінәсі куәгерлердің жауаптарымен, сараптама қорытындыларымен, қарап-тексеру хаттамасымен және басқа да іс құжаттарымен дәлелденді.

Экс-басшы мен директорлардың бірі 5 жылға бас бостандығынан айырылса, 800 мың теңге пара алған директорға 4,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үшінші мектептің директорына 40 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Ал жеке кәсіпкерге 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға