Ақтауда бес баланың әкесі мен 14 жасар қыз суға батып кетті

Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ
21.08.2023 11:00
1160
Ақтауда бір-біріне жақын орналасөан екі екі демалыс орнында жасөспірім қыз бен көпбалалы әке суға батып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қайғылы оқиға 20 тамызда болған.
«Монтажник» демалыс орнында сағат 11.47-де 14 жастағы қыздың суға батып кеткені және жақын маңдағы «Бриз» демалыс орталығында 36 жастағы ер адам сағат 18.00 шамасында суға батып кеткені анықталды», - делінген хабарламада.
Әоеуметтік желіде марқұмның бес баланың әкесі екені айтылды. Екі жағдайда да өлім дәрігерлер келгенге дейін болған.
Бөлісу:
