Жаңалықтар

Ақтауда белгісіз заттың жарылуынан әскери қызметші қайтыс болды

Ақтауда белгісіз заттың жарылуынан әскери қызметші қайтыс болды
Фото: Ашық дереккөзден 01.10.2023 16:49 557

Ақтаудағы әскери гарнизонында белгісіз заттың жарылуынан әскери қызметші қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ҚР Қарулы күштері құрлық әскерлерінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

30 қыркүйекте Ақтау гарнизонының «Оймаша» оқу полигонында жұмыс барысында белгісіз зат жарылды. Салдарынан әскери қызметші түрлі дәрежеде жарақат алды. Оқиға орнына шұғыл түрде жедел жәрдем бригадасы шақырылды. Медицина қызметкерлерінің шұғыл әрекетіне қарамастан, әскери қызметші ауруханаға барар жолда қайтыс болды, - деп жазылған гарнизон таратқан хабарламада.

Оқиға орнына «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Д.Оспанов бастаған комиссия келіп, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. 

Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр. Әскери-тергеу органдары сотқа дейінгі тексеруді бастады. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Қарулы күштердің құрлық әскерлерінің басшылығы қайтыс болған әскери қызметшінің туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады, - деді әскери ведомство өкілдері. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға