Ақтауда балаларды қорғау күніне орай спорттық эстафета ұйымдастырылды

Ақтауда қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен 1 маусым балаларды қорғау күніне орай «Көңілді старт» спорттық эстафетасы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорттық шараға 4-сынып оқушылары қатысты. Эстафета барысында балалар доппен жүгіріп, арқан тартысты. Шараға қатысқан барлық балаларға дипломдар мен арнайы сыйлықтар табысталды.
«Көңілді старт» спорттық эстафетасы 1 маусым балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылды. Шараға 15 оқушы қатысты. Эстафета басталмас бұрын балалар жаттығу жасады. Мұндай шараларды алдағы уақытта ұйымдастыру жоспарда бар, - деді №13 гимназия директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлзат Өтегенова.
