Жаңалықтар

Ақтауда балалар қоқысқа тасталған белгісіз сусындарды ішіп жүр

Ақтауда балалар қоқысқа тасталған белгісіз сусындарды ішіп жүр
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Kandinsky 21.02.2024 13:41 1266

Ақтаулық балалар қоқыста жатқан жарамдылық мерзімі өтіп кеткен газдалған сусын ішіп жүр, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Ақтау маңында 10 тоннадан астам шетелден әкелінген сусын қоқысқа тасталған. Бұл жерге жергілікті балалар келіп, газдалған сусынды көптеп ішіп қойған. Тұрғындар балалар арасында танымал болған орынның құпиясын біліп қойып, дабыл қақты. Олар бөтелкелерде қандай сұйықтық бар екенін анықтауды талап етуде.

Тұрғындардың айуынша, сусындар ол жерге жақында ғана әкелінген. Ал жергілікті балалар қоқысқа тастағанның біраз бөлігін ішіп қойған. Кейбіреулері тіпті үйлеріне блокпен апарып та үлгерген.

Қазір қоқыс алаңы тазартылған, онда 10 тоннадан астам газды сусын болған. Бірақ кінәлілер әлі табылған жоқ.

Басқұдық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Айбек Жангелдин қоқыс пен бөтелкелерді көму жұмыстары жүргізілгенін айтты. Жарамдылық мерзімі өтіп кеткен сусын әкелген көлікті анықтағанмен, мемлекеттік нөмірді мүмкін болмапты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға