Ақтауда балабақша маңында ер адам пышақ жарақатын алды
Фото: © Pixabay.com
Фото: © Pixabay.com
29.01.2024 11:08
918
28 қаңтар күні Ақтаудағы «Дарын» жекеменшік балабақшасының маңында бірнеше адам төбелескен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Lada.kz мәліметінше, үш ер адам өзара төбелесіп қалып, солардың біреуі екіншісін пышақтамақ болған, үшіншісі екеуін ажыратуға тырысыпты. Салдарынан зардап шеккен бір адам ауруханаға жатқызылды.
Денсаулыққа қасақана зиян келтіргені үшін сотқа дейінгі тергеу басталды, - делінген мәліметте.
Көп ұзамай күдікті ұсталды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанадан бір түнде 44 мың текше метрден астам қар шығарылды