Алты қабатты Маңғыстау облыстық ауруханасының 3-қабатынан өрт шықты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Ауруханадан 470 адам эвакуацияланған. Оның 150-і төтеншеліктердің күшімен шығарылған.
20 қыркүйек күні сағат 22:38-де Ақтау қаласының 26 шағын ауданы 71/3 ғимараты, яғни облыстық ауруханада өрт шыққаны туралы ақпарат түсті. Төтенше жағдайлар департаментінің күш-құралдары шақыруға жіберілді. Оқиға орнына жеткеннен кейін 6 қабатты ғимараттың 3-қабатындағы урология бөлімшесінен желдету каналында жану ошағы табылды, - делінген баспасөз мәліметінде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сейфуллин Жолбарыс әйелі мен қыздарын көрсетті
Келесі жаңалық
Астанада шаңғы маусымы ресми түрде басталды