Жаңалықтар

Ақтауда аулада ойнап жүрген баланы егде жастағы әйел ұрып тастады

Ақтауда аулада ойнап жүрген баланы егде жастағы әйел ұрып тастады
Фото: © Polisia.kz 16.07.2023 18:50 1092
Ақтауда көп қабатты үй ауласындағы балаларға арналған футбол алаңында егде жастағы әйел адам өзге баланы ұрыс тастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға туралы бейнежазба желіде кеңінен тарап, қоғам талқысына түскен. Аталған жағдай туралы куәгерлер бейнежазбада тепкен добы баласына тиген үшін өзге баланы 64 жастағы әйелдің  бейтаныс баланы әбден ұрғаны айтылады.
Шулы оқиғадан кейін облыстық ПД бұл оқиғаға қатысты түсініктеме беріп, қандай шара қолданылғанын мәлімдеді. 

15 шілдеде сағат 19:30 шамасында облыстық балалар ауруханасына зардап шеккен бала көмекке жүгінген. Полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп, аталған факт расталды. 14 шілдеде 17 ықшам ауданда №54 үйдің жанында орналасқан футбол алаңында әйел адам басқа біреудің баласын ұрып-соққан. Осы факт бойынша 64 жастағы әйелге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-1-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, ол шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жолданатын болады, - деп жазылған Маңғыстау облыстық ПД таратқан ақпаратта. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға