Жаңалықтар

Ақтауда алименттен жалтарып жүрген 6 әке қамалды

Ақтауда алименттен жалтарып жүрген 6 әке қамалды
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/OpenAI 02.04.2024 08:10 508

Ақтауда алименттен жалтарып жүрген әкелер жауапқа тартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Маңыстау облыстық прокуратураның мәліметінше, жыл басынан бері Ақтау қаласында алимент берешегін төлемеген 10 борышкерге қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің  669-бабы 1-бөлігімен әкімшілік іс қозғалған.

Сот қаулыларымен 6 борышкер 3 тәулік мерзімге қамауға алу түріндегі әкімшілік жауаптылыққа тартылып, қалған борышкерлерге 5 АЕК мөлшерінде айыппұл жазасы тағайындалды. Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімі бойынша Қылмыстық кодекстің 139-бабы 1-бөлігімен 3 борышкер қылмыстық жауаптылыққа тартылды.

«A» есімді кәмелетке толмаған екі баланы асырау үшін алимент төлеу туралы сот бұйрығын үш жыл бойы орындамаған. Осыған байланысты кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен ол Қылмыстық кодексітің 139-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылды. Оған 1 жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалған, - делінген прокуратура мәліметінде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға