Жаңалықтар

Ақтауда алаяқтықпен айналысқан әйел құрықталды

Қазіргі таңда күдікті тергеу изоляторында қамауда отыр
Ақтауда алаяқтықпен айналысқан әйел құрықталды
Фото: polisia.kz 01.11.2022 20:17 1001

Ақтауда алаяқтықпен айналысқан әйел құрықталды, – деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтау қаласының тұрғындары алаяқ әйелге қатысты полицияға арызданды.

Белгілі болғандай, алаяқ жәбірленушілердің біріне арзан пәтер алып беремін деп сөз берсе, екіншісіне мұнай саласына жұмысқа орналастырамын деп уәде еткен. Келтірілген шығынның жалпы көлемі 21 млн теңгені құрайды. Криминалдық полицейлермер алаяқтың жеке басы анықталды.

Қазіргі таңда күдікті ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тергеу изоляторында қамауда отыр. Өзге мәліметтер тергеу мүддесінде жария етілмейді.

– Маңғыстау облысының тұрғындары мен қонақтары назарына! Өзіңізді алаяқтардан сақтаңыз. Ешбір жағдайда сенімсіз есепшоттарға ақша аудармауларыңыз сұралады. Алаяқтық қылмыс орын алса, бірден полицияға жүгініңіз, – деп ескертеді Маңғыстау облыстық ПД.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға