Жаңалықтар

Ақтауда 2 адамды өлтірген ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Ақтауда 2 адамды өлтірген ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 24.07.2023 17:06 660

Ақтауда екі адамды өлтірді және зорлады деп айыпталған сотталушы өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, үкім 2022 жылдың соңында шықты. Ақтау қаласының мамандандырылған тергеу соты сотталушыны ҚР ҚК 99-бабы «Кісі өлтіру» және ҚР ҚК 120-бабы «Зорлау» бойынша кінәлі деп таныды.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың 17 тамызында әлеуметтік желіде полицейлер Ақтауда 14-шағынауданда жолды жауып, әр көлікті тоқтатып, тексеріс жүргізген видео тараған еді. Сол күні тәртіп сақшылары ер адам мен әйелді өлтірді деген күдіктіні осылай іздегенін түсіндірді. Күдікті қылмыскердің ұсталғанын, оған қатысты бір немесе одан да көп адамды «өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға