Жаңалықтар

Ақтауда 18 жастағы мүгедектігі бар жігітті ұрлап, зорлап кеткені рас па

Ақтауда 18 жастағы мүгедектігі бар жігітті ұрлап, зорлап кеткені рас па
Фото: iStock 12.02.2025 12:07 106

Ақтауда 18 жастағы мүгедектігі бар жігіт зорлық-зомбылықтың құрбаны болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Адвокат Ажар Әбділдің мәліметінше, 2024 жылдың 27 желтоқсанында Ақтауда ерекше қажеттілігі бар 18 жастағы жігітті белгісіз біреулер ұрлап, зорлаған. Жәбірленушінің анасы бірден полицияға арызданған.

Адвокаттың айтуынша, оқиғаға қатысты қажетті сараптамалар әлі тағайындалмаған. Сонымен қатар, қала орталығындағы бейнебақылау камераларынан алынуы тиіс жазбалар да зерттелмеген.

Қала орталығында қорғансыз адамды ақ джипке салып алып кеткенін көрсететін бейнебақылау камералары бар. Жазбалар екі айға дейін сақталады. Оқиғаның хронологиясын қалпына келтіру қиын болмауы керек. Бірақ күдіктілер әлі анықталған жоқ, – деп жазды адвокат.

Маңғыстау облысының полиция департаменті аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы – "Сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Істі полиция департаментінің басшылығы бақылауға алды. Тергеу жалғасып жатыр, – деп хабарлады ведомство.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға