Жаңалықтар

Ақтауда 10 миллион теңге ұрлаған инкассатор өзін атып өлтірді

Ақтауда 10 миллион теңге ұрлаған инкассатор өзін атып өлтірді
Фото: lada.kz/Сергей Кораблев 02.07.2024 14:22 912

Ақтаудағы банктердің бірінің ғимаратында инкассатор 10 миллион теңге ұрлап, артынша өзіне қол салған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап. 

Оқиға 14-шағынауданда Halyk bank ғимаратында болған. 10 миллионды ұрлағаннан кейін ер адам ғимараттың жертөлесіне қамалып, қызметтік қарумен басынан оқ атқан.

Жедел-тергеу тобы, дәрігерлер мен Арнайы жедел әрекет ету жасағы қызметкерлері жертөлеге кіретін есікті қоршап алған. Марқұм 43 жаста еді. Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растады.

Қазір "Ұрлық және өзін-өзі өлтіруге итермелеу" дерегі бойынша Ақтау қалалық ІІБ қылмыстық іс қозғады, – деп хабарлады департамент.

“Halyk Инкассация" жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Halyk Инкассация" ЖШС өкілдері Ақтауда инкассатордың өзіне қол жұмсауы туралы ақпаратты қалалық полиция басқармасы растағанын хабарлайды. Қазір қайғылы оқиға болған "Halyk Инкассацияда" жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты компания тергеу аяқталғанға дейін істің мән-жайына қатысты пікір білдіру мен оны жария етуден бас тартады, – деп мәлімдеді “Halyk Инкассация"-ның баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға