Жаңалықтар

Ақтау ыстық сусыз қалды

Қала әкімдігі белгілі себептерге байланысты ыстық суды тоқтатуға мәжбүр болған
Ақтау ыстық сусыз қалды
Фото: top-news.kz 06.12.2022 08:25 1735

Ақтау қаласында ыстық су беру уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды El.kz қала әкімінің жеке парақшасына сілтеме жасап.

Ыстық суды өшіруге қондырғылардың ескіруіне байланысты жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары себеп болған.  

Кешеден бері қалада ыстық суға қатысты үлкен мәселе туындап отыр. Мұның басты себебі – МАЭК-тегі қондырғылардың ескіруіне байланысты жасалып жатқан жөндеу жұмыстары. Тұрғындарды жылумен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында ыстық суды уақытша тоқтатуға мәжбүрміз! Қаладағы ахуал менің бақылауымда және мәселені жедел шешу мақсатында қазіргі таңда тиісті мамандар жұмылдырылды. Баршаңызды уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауға және сабыр сақтауға шақырамыз! – деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасына Ақтау қаласының әкімі Ербол Ізбергенов.

Қала басшысы қолайсыздықтардың уақытша екендігін айтып, мәселені бақылауға алатынын айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға